Мәдениет

Қазақстанның сұлу табиғаты америкалықтардың қалыптасқан ойын өзгертуде

© Sputnik / Анатолий УстиненкоІле Алатауы таулары
Іле Алатауы таулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Борат" фильмі "артта қалған Қазақстан" мифтік бейнесін әлемге танытқан еді. Жағымсыз көзқарастарға қарамастан, ҚР СІМ 6 жыл өткеннен кейін республикаға келген туристтердің саны он есе өскендігін мойындады. Соған қарағанда, итальян саяхатшылары жасап шығарған видео бұл көрсеткішті одан сайын арттырады деуге толық негіз бар.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Бірнеше апта бұрын ғаламторда жарияланған Lost in Kazakhstan атты бейнежазба америкалық рейтинг бойынша ең үздік "трэвл видео" ондығына енді. Қазақстанның мәдениеті мен табиғаты туралы тамаша ролик туралы жазылған мақала 10best от USA TODAY жобасының сайтында жарияланды.

Lost in Kazakhstan - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстан туралы тамаша бейнежазба Ғаламторда тарап кетті

"Он жыл бұрын Борат Қазақстанды бәрімізге танытты. Бірақ ол мұны дұрыс істеген жоқ. Егер орта азия мемлекеті туралы бар білетініңіз сол бір ойдан шығарылған кейіпкердің айтқаны ғана болса, мына бейнежазбаны тамашалаңыз, себебі Қазақстан таңғажайып ел екен (Борат мұны  бізге айтпапты)", — деп жазылған мақалада.  

Бейнежазбаның бейне операторы Тимур Тугаловтың айтуынша, Қазақстан туралы видео танымал американ журналы Outside сайтында және Испанияның El Pais газетінде жарияланады екен. 

Жаңалықтар
0