Экономика

Бюджет 2017-2019: мәжіліс ҚР басты құжатының жобасын қолдады

Жазылу
2017 жылы ЖІӨ шынайы өсімі 1,9% болады деп болжанады. Бюджет жобасына сәйкес орташа жылдық инфляция деңгейі 6-8% мөлшерде болып, 2021 жылы 3-4% дейін төмендейді.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасын қолдады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі. 

Бақытжан Сағынтаев - Sputnik Қазақстан
Сағынтаев ЖІӨ өсуі туралы: миссия орындалады

Қазақстанның қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың мәліметінше, республикалық бюджет шығынының жалпы көлемі бойынша ең қомақты үлес әлеуметтік салаға тиесілі –  2017 жылы 41,7% болса, 2019 жылы 49% дейін жетеді.

"Ақшалай көрсеткішпен беретін болсақ, әлеуметтік саладағы шығындар 11 триллион 667 миллиард теңгені құрайды, оның ішінде 2017 жылы – 3 триллион 570 миллиард теңге", — деді Сұлтанов сәрсенбі күні мәжілістің пленарлық отырысында.

Білім беру салаларын қаржыландыру 2017-2019 жылдары 972 миллиард теңгені құрайды, ал денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі шығындарының аясында 3,1 триллион теңгеге жетеді деп қарастырылып отыр.

Жаңалықтар
0