АСТАНА, 9 қар — Sputnik. Елордалық ішкі істер департаменті өз инвесторларын сазға отырғызып кеткен құрылыс компанияларының басшыларына қатысты екі қылмыстық істі сотқа жолдады. "Golden Towers" ТК салуға инвесторлардың қаражатын алдап жинап алып, ірі сомадағы қаражатты талан таражға салған "Taurus LTD 2011" ЖШС басшылары, құрылыс салушылар Мұрат Бөлеков пен Әлия Виляхуноваға қатысты өндіріс аяқталды.
Сонымен қатар сотқа "Инженерлік сервистік компания" ЖШС басшысы құрылыс салушы Қазыбек Жұбатқановқа қатысты қылмыстық іс жолданды.
Қазіргі уақытта елордалық ІІД алаяқтық жолмен тұрғын үй кешенінің құрылысына инвесторлардан қаражат көздерін жинап, құрылысты аяқтамай сеніп тапсырылған аса ірі көлемдегі қаражат көзін жұмсаған жауапсыз құрылысшыларға қатысты бірқатар қылмыстық істер өндірісте қаралуда. Соның ішінде:
— "Алға Тоқболат" ЖШС (нысан – Тұран — Сығанақ даңғ.батысында.) – тергеушілер А. Алпысова (тел: 87784080521), А. Ахметжанова (тел:87014651071, 87172-716213), Л. Буланова (тел:87784080521) Б. Сатиев (тел:87011202605).
— "КазГазАстана НС" ЖШС, "Алтын Сапа 2011" ЖШС (нысан – Қошқарбаева көшесі бойындағы "Зере" ТК, "Зере-2" ТК) – тергеушілер С. Әбішев (87079008818), М. Төлеуов (тел:87009266243, 87472382406, 87003720519, 87172-716341)
— "Номад Строй ЭК" ЖШС (нысан – 36 —26 көшесі бойындағы "Есіл ЭК" ТК) –тергеушілер А. Баймахан (87024022908, 87172-716058), А. Төлегенов (87754000058)
— "НМ Астана Курылыс" ЖШС нысан – Төлебаева 1 көшесі бойындағы «Арыстан» ТК) –тергеуші А. Жамалиева (87019085957, 87172-716019)
— "Бахыт ХI" ЖШС (нысан – Кұдайбердыұлы, 33 көшесі бойындағы "Жастар 4" ТК) – тергеуші Е. Бұзауов (87751680034, 87172-716222)
— "Blaсk Gold Development", "Grand Elitе-NS" ЖШС (нысан – Қыз Жібек және Баян сұлу көшесі бойындағы "Бай Тау" және "Sky Сitу") – тергеуші Ж. Көшербаев көшесі бойындағы (87711627849, 87172-716228).
Астана қаласы ІІД аталған құрылысшылардың әрекетінен зардап шегушілерді Астана қаласы ІІД Тергеу басқарамасына Бейбітшілік көшесі 19, немесе көрсетілген телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.