Спорт

Санчес: GGG Джейкобспен жекпе-жекке 2017 жылғы ақпанда шығуды көздеп отыр

© AP Photo / Seth WenigГеннадий Головкин
Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Геннадий Головкин WBA чемпион белдігінен үміткермен жекпе-жекке түсуге дайындыққа кірісті
АСТАНА, 9 қар — Sputnik. WBA, IBF, IBO және WBC бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктер иегері қазақстандық Генадий Головкин американдық Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жек 2017 жылғы ақпанда өтеді деп сенеді, деп хабарлады GGG бапкері Абель Санчес. 
Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Спорт
Джейкобстың сараңдығы: не құртады, не құтқарады

Ертеректе GGG келесі жекпе-жегі америкалық боксшы Дэниел Джейкобсқа қарсы 10 желтоқсанда өтеді деп болжанған еді: WBA чемпиондық белдігінің иегері Головкин титулды сақтап қалу үшін бұл жекпе-жекке міндетті түрде шығуы тиіс.  WBA ережелеріне сәйкес бұл жекпе-жектен түскен кіріс 75 те 25% қатынаста GGG пайдасына бөлінуі керек еді. Бірақ Джейкобстың командасы сыйақы 60 та 40 пайыздық қатынаста бөлінсін деп талап етті. Ал WBA болса, өз кезегінде кірістің стандартты бөлінуін әділетті деп санайтындығын айтқан болатын. 

"Головкин залда жаттығып жатыр, ақпанның басына дейін бізде жекпе-жектер жоқ. Жекпе-жекті тарқатуға уақытымыз болмағандықтан Дэниел Джейкобспен әзірге келісім жасалған жоқ", — деді Санчес El Nuevo Diario басылымына берген сұхбатында. 

"Олар бұл жекпе-жекті ақпанда өткіземіз деп айтқан. Головкин бәріне дайын болу үшін қазір жаттығуда", — деп қосты GGG бапкері. Оның айтуынша, қазақстандық боксшы үшін келесі 2017 жылы спорттық нәтижелер тұрғысынан "тамаша" болмақ. 


Жаңалықтар
0