АСТАНА, 21 қаз — Sputnik. Астана уақытымен бейсенбіден жұмаға қараған түні WBA, IBF, IBO және WBC бойынша орта салмақтағы чемпиондық белдіктер иегері қазақстандық Генадий Головкин WBA бойынша бірнеше мәрте чемпион атағына ие болған Дэниел Джейкобсқа қарсы жекпе-жекттің 2016 жылы 10 желтоқсанда өтетуінен ресми түрде бас тартқаны мәлім болды.
WBA белдігіне үміткермен өтетін жекпе-жектің келесі жылға қалғаны жайлы өткен аптада Головкиннің промоутері Том Леффер айтқан болатын. Басты себеп Джейкобс командасының қаржылық наразылығы еді.
WBA ережелеріне сәйкес бұл жекпе-жектен түскен кіріс 75 те 25% қатынаста GGG пайдасына бөлінуі керек еді. Бірақ Джейкобстың командасы сыйақы 60 та 40 пайыздық қатынаста бөлінсін деп талап етті. Ал WBA болса, өз кезегінде кірістің стандартты бөлінуін әділетті деп санайтындығын айтқан болатын.
Бірақ америкалық боксшыны бұл мәлімдеме тоқтата алған жоқ, қаржылық келіссөздердің ұзап кеткені сонша, жекпе-жекті 10 желтоқсаннан келесі жылға қалдыруға тура келді. Boxing News 24 мәліметінше, ол енді 2017 жылы ақпан немесе наурыз айларында болуы мүмкін. Бұл мерзімге дейін тараптар WBA өкілдерінің сыртқы бақылауымен қаржы мәселесіне қатысты бір мәмлеге келуі тиіс.
Джейкобс сараңдығы құртады
Головкиннің мақсаты бәріне мәлім – ол орта салмақтағы барлық белдіктерге қол жеткізгісі келеді. Сол себепті британдық Билли Джо Сондерспен кездесу, басқа үміткерлермен шайқасқа қарағанда әлдеқайда маңызды. Джейкобстың мықты қарсылас екеніне сөз жоқ, бірақ Головкинге ондай мықтылардың талайы кезікті. Олардың қайсы GGG-ға қарсы тұра алды?
Қорыта айтқанда, жекпе-жекті кейінге қалдыруға барынша тырысқан Джейкобс Головкиннің алтын уақытын зая етіп, әбден ашуына тиді. Жекпе-жекке шыға салысымен Головкин көп уақыт созбай, Джейкобсты бір-ақ ұрып құлатуы да ғажап емес.
Джейкобс сараңдығы құтқарады
Дегенмен ұзаққа созылған келіссөздер Джейкобсты құтқаруы да мүмкін. Өйткені Головкин промоутерлері мексикалық Сауль "Канело" Альварестің өкілдерімен де келіссөз жүргізуде. Ол мамыр айында Головкинмен жекпе-жекке шығудан бас тартып, жеңісті қазақстандықтың қолына берген еді.
Бірақ GGG-Канело жекпе-жегін жұрттың бәрі аңсап жүр. Тіпті Канелоның өзі де келесі жылы күзде Головкинмен шайқасқа шығып, кезінде тайталассыз бере салған белдігін қайтарып алуға тырысқысы келетін сияқты. Сол себепті Джейкобсқа қарсы жекпе-жектің кейінге қалуы Головкин үшін де тиімді. Себебі 2017 жылғы мексикалықпен жекпе-жек алдында бұл шайқас жақсы дайындық екені даусыз. Сөйтіп, америкалықпен жекпе-жек біраз ұзаққа созылуы мүмкін, өйткені GGG панчерлік мүмкіндігін қолданбай тұрып, біраз қыздырынып алатын шығар.