АСТАНА, 8 ноя — Sputnik. Мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгені үшін 21 жылға сотталған Тоқтар Төлешов сот үкіміне шағым түсіруді көздеп отыр, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Төлешовтің адвокаты Мархаба Жақыпова.
"Шағым түсіреміз, өйткені оған күштеп құлатуға әрекеттенуде басқа ол қатыспаған адам өлтіру, қарақшылық секілді жалпы қылмыстар тағылған. Олардың барлығы бойынша шағым түсіреміз, бәлкім ол жаза мерзіміне әсер етуі мүмкін", — деді Жақыпова Sputnik-ке телефон арқылы.
"Ол (Тоқтар Төлешов — ред) Аянов пен Боқаевқа баспасөз мәслихатын жинап, жетекші мамандарды, қоғам қайраткерлеріне төлеуге ақша жетуі үшін ақшалай қаражатпен көмектескенін мойындады. Ол үшін ақша берген, бүлік шығару мен құлатуға әрекеттену үшін емес", — деп қосты адвокат.
Сот 7 қараша күні шымкенттік сыра зауытының иесі Тоқтар Төлешовті 21 жылға бас бостандғынан айыруға соттады. Сот отырысы Астана қаласындағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотта өтті. Деректерде мемлекеттік құпияға қатысты мәліметтер бар болғандықтан, іс жабық режимде қаралды.
Сот Төлешовті азаптау, кісі өлтіру, адам ұрлау, бас бостандығынан заңсыз айыруды ұйымдастыруда, трансұлттық қылмыстық топты құрып, басқаруда, қылмыстық топ құрып, жетекшілік етуде, сонымен қатар экстремистік топқа жетекшілік ету немесе оның қызметіне қатысуда кінәлі деп тапты. Төлешов кінәлі деп танылған қылмыстар арасында — қылмыстық топты қаржыландыру, билікті күштеп басып алу, есірткі заттарының заңсыз айналымы, қарулардың, оқ-дәрілердің, жарылғыш заттардың және жарылғыш құрылғылардың заңсыз айналымы бар.
Сотталушылар қатарында кәсіпкерден бөлек тағы 24 адам болды. Олардың арасында – кәсіпкердің ұлы Төлеген Төлешов, Қазақстан бас прокурорының бұрынғы бірінші орынбасары, Конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі Ілияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД-нің бұрынғы бастығы Хибратулла Досқалеев, полиция полковнигі Сәкен Айтбеков және полковник Бекзат Жумин бар.