Өңірлер

Тараздағы дауыл жарты миллиард теңгедей шығынға батырды

© Photo : соцсети/Дамир АмангалиТараздағы дауыл
Тараздағы дауыл - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бейсенбі, 3 қараша күні сағат екпіні секундына 30 метрге жеткен дауыл Таразда электр тарату желілері мен ағаштарды құлатып, шатырларды жұлып әкеткен.

АСТАНА, 8 қар — Sputnik. Алдын ала болжам бойынша, дауылдан келген шығын 470 миллион теңгені құрайды деп хабарлады аймақтың әкімі Кәрім Көкірекбаев.

"Бастапқы болжам бойынша шығын – 470 миллион теңге… Құрылған комиссия келген шығынды есептеп, сметасын дайындап жатыр", — деді Көкірекбаев үкімет отырысында.

Табиғи апаттан әсіресе Тараз қаласының нысандары, сонымен бірге облыстың бес ауданының елді мекендері зардап шеккен. "Барлығы 1754 нысан зардап шегіп, оның ішінде 454 нысанның шатыры 70%-ға бұзылған", — деді әкім.

Дауыл Таразда талдарды құлатты - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Таразда дауыл соқты, зардап шеккендер бар

Оның мәліметінше, 53 мың абонент электр энергиясынсыз қалған. 

Дауыл соққан күні 3 қарашада газбен қамтамасыз ету толықтай қалпына келтіріліп, 6 қарашада елді мекендерге электр жарығы берілді. "Бүгін Таразда жеке сектордың 351 абонентінің электр желілері жөнделіп жатыр", — деп атап өтті әкім.

Оның айтуынша, 36 азаматқа  медициналық көмек қажет болып, төртеуі ауруханаға жатқызылған. 

Жаңалықтар
0