Өңірлер

Таразда дауыл соқты, зардап шеккендер бар

© Photo : соцсети / Дамир АмангалиДауыл Таразда талдарды құлатты
Дауыл Таразда талдарды құлатты - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қатты дауыл ғимараттардың шатырларын жұлып әкетіп, талдарды құлатты. Бірнеше елді мекен жарықсыз қалды.

АСТАНА, 4 қар — Sputnik. Таразда тұрған күшті жел салдарынан үш адам зардап шекті, дауыл салдарынан электр тарату желілері мен талдар құлады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның мәліметінше, бейсенбі, 3 қараша күні сағат 16 шамасында екпіні секундына 30 метрге жеткен жел салдарынан, алдын ала болжам бойынша Таразда 10 электр тарату желісі құлады. Жарықсыз қалған абоненттер саны нақтылануда. 

Жалпы көлемі екі мың шаршы метрге жуық аумақта ғимараттардың шатыры жұлынып әкетілді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 

"Қазіргі уақытта жағымсыз метео жағдайлар салдарынан әртүрлі жарақат алған үш адам туралы белгілі. Олар Тараз қалалық ауруханасына жеткізілген", — деп мәлім етті Иманқұлов. 

Погода в Таразе! (((#вот_такой_ветер💨 #тараз #непредсказуемая_погода😲

Видео опубликовано 🌸Анна 💘Бауыржан 🌇KZ Taraz (@ann.rodina) Ноя 3 2016 в 10:09 PDT

 

Жамбыл облысының орталығына жақын орналасқан Байзақ және Жамбыл аудандарында дауыл салдарынан электр тарату желілері құлады хабарлағандай, алдына ала мәліметтерге сәйкес, Байзақ ауданында 20-дан астам электр тарату желісі құлады, салдарынан 22 елді мекен жарықсыз қалды. Жамбыл ауданында электр жарығынсыз үш ауыл отыр. Сондай-ақ онда жел ғимараттардың шатырларын ұшырып әкетті (жалпы аумағы шамамен 1500 шаршы метр). Зақымданулар Тараз қаласында да бар.

Жалпы көлемі екі мың шаршы метрге жуық аумақта ғимараттардың шатыры жұлынып әкетілді. Қазіргі уақытта қалпына келтіру жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 


Жаңалықтар
0