АСТАНА, 8 қар — Sputnik. Ақмола облысында қар арасынан тұрғылықты мекенжайы жоқ ер адамның өлі денесі табылды деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
1943 жылы туған үйсіз-күйсіз ер адамның денесі Бурабай ауданындағы Щучинск қала маңында қар арасынан табылған.
Бастапқы мәлімет бойынша, ер адамның қазасына ағзаның қатты тоңазып кетуі себеп болған. Сараптама тағайындалды.