Оқиға

Астана орталығында ер адам суға кетті

© SputnikЕсіл жағасы
Есіл жағасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
52 жастағы ер адам қорғалмаған территориядағы мұз суатына суға түспекші болған. Полиция кісі өлімі фактісі бойынша тексеру жүргізуде.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik.  Астанада жексенбі күні ер адам мұз суатына түсіп жүріп, суға кетіп қалған деп хабарлады ТЖ бойынша елордалық департаменттің баспасөз қызметі.

Өзендегі мұз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Ертіс өзенінде 5 бала мұз астына түсіп кете жаздады

Қайғылы оқиға Есіл өзенінің жағасында Кенесары хан ескерткіші маңында болған. 

"1964 жылы туылған азамат акватория құтқарушылары қорғамайтын аумақтағы мұз суатына түсіп жүріп суға кетті", — делінген хабарламада. 

52 жастағы ер адамның денесін құтқарушылар өзеннен алып шықты.

Қалалық ішкі істер департаментінің хабарлауынша, полицейлер тексеру жүргізуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.  

Жаңалықтар
0