АСТАНА, 7 қар — Sputnik. Офисі өрттен зардап шеккен Almaty Towers кешенінде орналасқан Қазақстан қор биржасының (KASE) дүйсенбіде сауда және ақпараттық жүйелерін басқару үшін резервтік орталығын іске қосады, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Almaty Towers кешенінде өрт жексенбі күні сағат 18:00-ден кейін басталды. 25 қабатты екі мұнараға жалғасқан алты қабатты ғимараттың шатыры өртенді. 20:36-да жойылған тұтанудың жалпы аумағы 1800 шаршы метрді құрады. Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнында 54 жастағы дәнекерші иіс газына уланып көз жұмған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан қор биржасының (KASE) офисі орналасқан Almaty Towers бизнес-орталығының өртенуіне байланысты штаттан тыс оқиғаның туындауына қатысты KASE сауда және ақпараттық жүйелерін басқару 2016 жылғы 7 қарашада резервтік орталықтан жүзеге асырылатынын хабарлайды", — делінген реттеушінің хабарламасында.
Баспасөз баянға сәйкес, сауда-саттықты, клирингті және есеп айырысуларды жүргізу белгіленген регламентке сәйкес штаттық режимде жоспарланып отыр.