Оқиға

Almaty Towers ғимаратындағы өрттен кейін ӨҚЕ бұзу туралы іс қозғалды

© Photo : аккаунт Aikyn Tolepbergen в InstagramAlmaty Towers кешеніндегі өрт
Almaty Towers кешеніндегі өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өрт салдарынан бір адам қаза тапты, болжам бойынша ол иіс тиіп көз жұмған болуы мүмкін. Тұтану себептері анықталуда.

АСТАНА, 7 қар — Sputnik. Салдарынан бір адам көз жұмған, Алматы бизнес-орталықтағы өрт фактісі бойынша ҚР ҚК 292-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде,деп хабарлады ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі. 

Almaty Towers кешеніндегі өрт - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Almaty Towers кешеніндегі өртте бір адам қаза тапты

Almaty Towers кешенінде өрт жексенбі күні сағат 18:00-ден кейін басталды. 25 қабатты екі мұнараға жалғасқан алты қабатты ғимараттың шатыры өртенді. 20:36-да жойылған тұтанудың жалпы аумағы 1800 шаршы метрді құрады. Алдын ала болжам бойынша, оқиға орнында 54 жастағы дәнекерші иіс газына уланып көз жұмған. Кісі өлімінің нақты себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды. ТЖД деректеріне сәйкес, өрт басталғанға дейін ғимаратын шатырында дәнекерлеу жұмыстары жүргізілген. 

"Өндіріс барысында тергеу шараларының кешені мен бірқатар сот сараптамалары жүргізіледі, нәтижесі арқылы өрт себептері мен оқиғаның өзге де мән-жайы анықталады", — делінген хабарламада. 

Қоғамдық тәртіпті сақтауға және көлік құралдарын реттеуге 65 полиция қызметкері тартылды. 


Жаңалықтар
0