Оқиға

Almaty Towers кешеніндегі өртте бір адам қаза тапты

© Photo : соцсетиAlmaty Towers кешеніндегі өрт
Almaty Towers кешеніндегі өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Almaty Towers кешеніндегі өртте бір адам иіс тиіп қаза тапты, деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова.

АСТАНА, 6 қар — Sputnik. Алматы қаласындағы Almaty Towers кешеніндегі өртте бір адам иіс тиіп қаза тапты, деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД-ның ресми өкілі Сандуғаш Баймұхамбетова. 

Бұған дейін, сағат 18:04-те Алматы қалалық ТЖД-ның кезекшісіне Бостандық ауданындағы Байзақов көшесі 280 мекенжайында өрт шыққаны туралы қоңырау шалынды, деп хабарланған. Шақыру бойынша өрт сөндірушілер мен арнайы техника оқиға орнына келіп жетті. 

"Өрт сөндірушілер келген сәтте жағдай келесі болған: Almaty Towers бизнес орталығының ғимаратына жағалай салынған алты қабатты ғимараттың шатыры қатты өртеніп жатқан. Өртеніп жатқан 6 қабатты ғимаратқа жалғасқан 25 қабатты екі мұнараға өрттің өту қауіпі болған. Өрт басталғанға дейін иіс тиіп 1962 жылы туалған дәнекерші көз жұмды", — деді Баймұхамбетова.

Оның ақпаратына сәйкес, өрт сөндіру кезінде 80 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт сағат 20.07-де ауыздықталып, 20.36-да жойылды. Өрт ауданы 1800 шаршы метрді құрады. 

Өрт сөндіруге жеке құрамның 150 қызметкері мен 34 техника бірлігі жұмылдырылды. Сондай-ақ, өртті сөндіруге Ұлттық ұлан және Алматы ішкі істер департаменттің қызметкерлері  тартылды. 


Жаңалықтар
0