Мәдениет

Қазақфильм: Жаманқұлов киностудия штатында емес

© Photo : arnapress.kz Тұңғышбай Жаманқұлов
Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікпен ұсталды.

АСТАНА, 3 қар— Sputnik.  "Қазақфильм" АҚ Қазақстан халық әртісі, қазақ киносының аты аңызға айналған актері Тұңғышбай Жаманқұловтың ұсталғаны туралы пікір білдіруден бас тартып, оның киностудия штатында қызмет етпейтіндігін хабарлады.

Тұңғышбай Жаманқұлов - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Қазақстанның халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов ұсталды

Қазақстанның халық әртісі, танымал актер Тұңғышбай Жаманқұлов  "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген бюджеттік қаражатты қымқырды деген күдікпен ұсталды.  Тергеу жұмыстары болжамынша, "Қазақфильм" АҚ фильм түсіріліміне бөлген 79 миллион теңге қаражаттың  69 миллион теңгесін кинокартинаның бас продюсері Жаманқұлов қымқырған. 

"Қазіргі уақытта біз тергеу барысына қатысты ештеңе айта алмаймыз. Тұңғышбай Жаманқұловтың өзіне келер болсақ, ол "Қазақфильм" АҚ штатында қызмет етпейді", — деп хабарлады "Қазақфильм" киностудиясы Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Сонымен қатар, "Қазақфильм" АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры мен фильмнің атқарушы продюсері ақшалай қаражат қымқырды деген күдікке ілінді. Олар сот санкциясымен қамауға алынды.

Киностудия мәліметінше, соңғы жылдары актер "Сардар", "Көшпенділер", "Жаужүрек мың бала", "Виртуалды махаббат" фильмдерінде эпизодтық рөлдерді сомдаған.  

Жаңалықтар
0