Қоғам

Қамқоршылық органдары Айлинді әкесінің қолында қалдыруды сұрайды

CC0 / / Қалтадағы ойыншық
Қалтадағы ойыншық - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Павлодарда өз анасына таяқ жеген қыздың ісі қаралуда. Әйел адам жүйкесі сыр бергендіктен қызын ұрып соққандығын айтты.

АСТАНА, 3 қар— Sputnik.  Қамқоршылық және қорғаншылық органдары Павлодарда анасынан таяқ жеген қызды әкесінің қолында қалдыруды соттан сұрайды  деп хабарлады қалалық білім беру бөлімнің қамқоршылық және қорғаншылық секторы  Sputnik Қазақстан агенттігіне. 

Бүлдіршін қыз - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Павлодарда таяқ жеген сәби: анасы кешірім сұрады

Әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы іс Павлодар облысының жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында судья Махаббат Ахметбекованың төрелігімен қаралады. Сот талқылауының күні белгіленді. 

"Қамқоршылық органдары әйелді ата-ана құқығынан айыру туралы сотқа өтініш береді. Біз қызды әкесінің қолында қалдыруды сұраймыз", — деді Sputnik агенттігіне сұхбат беруші телефон арқылы. Қамқоршылық секторының айтуынша, әкесінің тұрмыс жағдайы баланы қамқорлыққа алуға лайықты. 

Сұхбат берушінің сөзіне сүйенсек, Айлиннің анасы болған оқиғаны "жүйкем жұқарғандықтан, қызымды сабадым" деп түсіндірген екен. 

Бұдан бұрын Instagram әлеуметтік желісінде пайда болған екі бейнежазбада белгісіз бір әйел жыламсыраған сәбиді балағаттап, ұрып соққан болатын. Бейнежазбалардың бірінің астында әйелдің туған қызын бұрынғы күйеуін бопсалау үшін ұрғаны жазылған.

Кейіннен полиция әйелдің кім екенін анықтады. Ол Павлодар қаласының 1982 жылы туылған тұрғыны болып шықты. Әйелге қатысты ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды тергеу ісі жүргізілуде. Сот талқылауы аяқталғанша, қыз әкесінің қамқорлығында болады.

 

 


Жаңалықтар
0