АСТАНА, 3 қар — Sputnik. 2 қараша күні кешке Өскемен қаласындағы Балтық көшесінде орналасқан жеке үйден өрт шықты. Өрт салдарынан ауыз үй, шатыр және үй маңындағы құрылыстардың бәрі жанып кетті деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖ жөніндегі баспасөз қызметі.
31 Қазан 2016, 10:54
Өртті сөндіруге 20 өрт сөндіруші мен төрт автоцистерна қолданылды.
"Өрт бүкіл үйді алып кетті. Ауыз үйдің ағаш материалдары, шатыр, үй маңындағы құрылыстар өртенді. Өрт сөндірушілерді куәгерлер шақырған екен", — деп хабарлады департаментте.
Өртті сөндіру барысында үйден ешкім табылған жоқ. Бұл үйде ешкім тұрмайтындай көрінгенімен, есік-терезелері бүтін, электр жүйесіне қосулы. Қазіргі уақытта үйдің иесі, айыпты тұлға және келтірілген шығын көлемі анықталуда.