Оқиға

Жылытқыштан шыққан өрт: бір бала қаза тауып, екі бала зардап шекті

Жазылу
Өскемендегі пәтерлердің бірінше қосылып тұрған жылытқыштан өрт шығып, соның салдарынан алты жасар бала қаза тапты.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Өскемендегі тоғыз қабатты тұрғын үй пәтерінде өрт шықты, соның салдарынан алты жасар қыз қаза тауып, анасы мен тағы екі сәби зардап шекті деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы ТЖД.

Өрт 30 қазан күні түн ортасында балалардың жатын бөлмесінде қосулы тұрған жылытқыштан шыққан екен. 

Қатты күйіп қалған бүлдіршін қыз ауруханада көз жұмды, иіс газынан уланған үш жасар бауырына медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндірушілер келгенге дейін балаларын құтқаруға тырысқан әйел адам да өрттен зардап шекті. 

Сонымен қатар, көрші пәтердегі 2016 жылы туылған нәресте иіс газынан уланып, ауруханаға жатқызылды.

Өрт ауданы 3 шаршы метрді құраған. Түтін жайылып кеткендіктен, өрт сөндірушілер жоғары қабаттағы тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. 

Жаңалықтар
0