Экономика

Қазақстан "Қорғастың" сел қаупі бар жерде салынуына алаңдаулы

© АО "НК "Қазақстан темір жолы""Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы
Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев сел қаупі туындауына байланысты Қытаймен шекарадағы "Қорғас" орталығының құрылысын басқа жерге көшіруді ұсынды.

АСТАНА, 2 қар — Sputnik.  "Ақ жол" партиясы фракциясының мүшесі, парламент мәжілісінің депутаты Ерлан Барлыбаев сел қаупі туындауына байланысты Қытаймен шекарадағы "Қорғас" орталығының құрылысын басқа жерге көшіруді ұсынды.

Ақша - Sputnik Қазақстан
Экономика
Билік өкілдері Нұркентті салуға ақша сұрады

Депутат ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа сұрату жіберді. Оның айтуынша, "Қорғас" орталығын салу үлкен алаңдаушылық тудырады, өйткені оның қазақстандық бөлігі сел қаупі жоғары Қорғас өзені аңғарында орналасқан. 

Сол себепті, ТЖ жөніндегі комитет "Шүкірбұлақ" бөгетін қосқанда бірнеше құрылыс желісін салуды жоспарлап отыр деп атап өтті мәжіліс депутаты. 

Барлыбаевтың мәліметінше, селден қорғайтын кешенді салуға бюджеттен 56 миллиард теңге қаражат жұмсалуы тиіс. Ал, "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы құрылысына кететін шығын 46 миллиард теңгені құрайды.

Жаңалықтар
0