АСТАНА, 25 қаз – Sputnik. Алматы облысындағы билік басындағылар жаңа қала Нұркенттің инженерлік инфрақұрылымын салу үшін 11 миллиард теңгеден астам қаражат сұрап отыр.
Министрдің айтуынша, жергілікті атқарушы органдар республикалық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін бірқатар мәселелерді көтерді. Аймақтар көліктік және инженерлік инфрақұрылым, сумен жабдықтау, өнеркәсіпті дамыту, қоршаған ортаны қорғау мен ТЖ қарсы қимылдар, білім беру, денсаулық сақтау және ветеринарияны қаржыландыруды сұрайды.
"Инженерлік инфрақұрылым бойынша… Ауқымдыларын атап өтейін – бұл 21,7 миллиард теңге сомаға Астана қаласындағы ІІД жеке құрамын орналастыру үшін құрылыс нысандарын салу және Алматы облысындағы жаңа қала Нұркенттің инженерлік инфрақұрылымы құрылысы —11,3 миллиард теңге", — деді Бишімбаев үкімет отырысында.