АСТАНА, 2 қар — Sputnik. "Астана" футбол клубы еуропалық кубокқа қатысқан екі маусымда (2015-16 және 2016-17 жылдары) 20 миллионнан астам еуро тапты, деп хабарлайды Еуропа футбол қауымдастығы одағының (УЕФА) ресми сайты.
УЕФА деректеріне сәйкес, өткен маусымда Чемпиондар лигасында ойын көрсетіп, топтық кезеңге дейін жеткен "Астана" 2015-16 жылдары басты еуро кубокта 17,2 миллион еуро тапты. Олардың ішіндегі негізгі қаражат – 12 миллион еуро – елордалық команданың ЧЛ (қазақстандық клубтардың ішінде алғашқы болып) квалификациясына өтуіне байланысты алған бонусы. Квалификация барысында "Астана" тағы екі миллион табыс алды.
Тағы екі миллионды "Астана" өткен маусымда топтағы спорттық жетістіктер есебінен тапты. Онда ол бірде бір үй матчынан жеңілген жоқ. "Астана" үйінде өз тобының қалған барлық қатысушылары – мадридтық "Атлетико", португалдық "Бенфик" және түрік "Галатасарайымен" тең ойын көрсетті.
Әр тең ойынды УЕФА 500 мың еуроға бағалады. Тағы 1 миллион 292 мың еуро өткен маусымға "Астана" маркетингтік құқықтарды жүзеге асырудың пайыз есебінде алады.