АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. "Астана" Футбол клубы сәрсенбі күні көшпелі ойында көкшетаулық "Оқжетпеспен" тең түсіп, қазақстандық премьер-лигада үшінші рет қатарынан ресми түрде чемпиондықты рәсімдеді.
Бұл матч алдында "Астана" алматылық "Қайраттан" үш ұпайға алда болған. 29 қазанда сенбі күні өтетін соңғы тур қарсаңында алматылықтарды жеткізбей кету үшін, оған "Оқжетпеспен" тең ойын көрсетсе болғаны еді.
Елордалық клуб бұған қол жеткізді: Көкшетаудағы матч тең ойынмен аяқталды. Бұл ретте Астана бұл матчты жеңе алатын еді, бірақ ойынның 34-ші минутында Рохер Каньяс пенальтимен гол сала алмады. 85-ші минутта судьялар қонақтардың шабуылшысы Кабанангидың голын алып тастады.