Экономика

ҚР энергетика министрі жанармайдың қымбаттауы туралы пікірін айтты

© Sputnik / Максим МасловЖанармай құю станциясы
Жанармай құю станциясы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нарықта ұсынылатын жанармай Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауытында шығарылады, сонымен қатар Ресейден әкелінеді.

АСТАНА, 1 қар — Sputnik. АИ-92 жанармайы бағасының қымбаттауы Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары және Павлодар МӨЗ қондырғыларының жарамсыздығымен байланысты деп хабарлады ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев. 

Автокөлікке жанармай құю - Sputnik Қазақстан
Экономика
Энергетика министрлігі: Қазақстанда ЖЖМ тапшылығы болмайды

Ол АИ-92 жанармайы бағасының реттелмейтінін еске салды. Нарықта ұсынылатын жанармай Қазақстанның үш мұнай өңдеу зауытында шығарылады, сонымен қатар Ресейден әкелінеді. 

"Шымкенттегі "ПетроКазахстан Ойл Продактс" биылғы модернизациялауға байланысты  жоспарлы жөндеу жұмыстарын бастап кетті. Біз технолгиялық үдеріске қосылған қондырғыларды жаңарттық. 12 қарашаға қарай жөндеу жұмыстары аяқталады. Мұнай өнімдерін шығару қалпына келеді", — деді Бозымбаев сейсенбі күні баспасөз конференциясынан кейін. 

Министрдің мәліметінше, 20 күн бұрын Павлодар МӨЗ-да қондырғы істен шығыпты, бұл жайт зауыттағы мөлдір мұнай өнімдерін шығару көлемін 4-5%-ға төмендетті.

"Сол себепті қазақстандық арзан жанармай көлемі азайып, Ресейдің қымбат жанармайы көбірек әкеліне бастады", — деді энергетика министрлігі басшысы. 

Жаңалықтар
0