Экономика

Энергетика министрлігі: Қазақстанда ЖЖМ тапшылығы болмайды

© AP Photo / Paul SakumaАвтокөлікке жанармай құю
Автокөлікке жанармай құю - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мұнай базасындағы қорлар көлемі АИ-92, АИ-93 жанармайы бойынша 103 мың тоннаны құрайды, ал дизель отыны бойынша - 126 мың тонна.

АСТАНА, 25 қаз – Sputnik.  Қазақстанның энергетика министрлігі мәліметінше, биылғы жылу беру маусымында жанар-жағармай материалдарының тапшылығы болмайды деп хабарлады ведомствоның вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Оның айтуынша, осы жылу беру маусымының күзгі-қысқы кезеңінде әлеуметтік-өндірістік нысандар 342 мың тонна көлеміндегі мазутпен қамтамасыз етіледі.

"АИ-92, АИ-93 жанармайы мен дизель отыны бағасы сұраныс пен ұсыныс негізіндегі нарықтық механизммен реттеліп отырады. Республика бойынша жанармайдың орташа бағасы 125-127 теңге – бұл 92-ші, 93-ші үшін. Ал, дизель отыны – литріне 129 теңге. Қазіргі уақытта тапшылық бола қоймайды", — деді Мырзағалиев.

21 қазандағы ахуал бойынша мұнай базасындағы қорлар көлемі АИ-92, АИ-93 жанармайы бойынша  103 мың тоннаны құрайды, ал дизель отыны бойынша  - 126 мың тонна деп сөзін қорытындылады вице-министр. 

 


Жаңалықтар
0