АСТАНА, 31 қаз — Sputnik. Танымақ қазақстандық продюсер Баян Мақсатқызының бұрынғы күйеуі Бақытбек Есентаев 3 қарша күні сот алдында соңғы сөзін сөйлейді деп хабарлады Алматы облыстық соты.
Сот отырысы жабық режимде Алматы облысы қылмыстық істер бойынша арнаулы ауданаралық сотында өтеді. Дүйсенбі күні екі жақтың пікір сайсы өтті, оған Баян Мақсатқызы да қатысты.
Бақытбек Есентаев жұбайына қастандық жасап, өлтірмек болды деген күдікпен айыпталып отыр. Болған оқиғадан кейін Баян күйеуінен ажырасып, қыз күніндегі фамилиясын қайтарып алды.