Қоғам

Адвокат: Баян Есентаева соттан күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрады

© Photo : Официальный аккаунт в соцсетяхБаян Есентаева
Баян Есентаева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сот Баян Есентаеваның күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұраған өтінішін қарайды.

АСТАНА, 19 қаз – Sputnik. Баян Мақсатқызы (Есентаева) сотта өзінің күйеуі Бақытбек Есентаевқа қатысты ұстанымын өзгертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Сәрсенбі күні сот тыңдаулары барысында белгілі продюсердің соттан күйеуін бас бостандығынан айырмауды сұрағаны белгілі болды.

"(Баян Есентаева) соттан оның әрекеті үшін бас бостандығынан айырмай, басқа жаза қолдануды сұрайды. Меніңше бұл Баян Есентаеваның тарапынан жасалған лайықты ерлік әрекеті", — деді журналистерге талап қоюшының адвокаты Марат Асқарбеков.

Оның айтуынша, продюсердің мұндай шешім қабылдауына олардың екі баласының болуы себеп болуы мүмкін. Сондай-ақ, Баян Есентаеваның өзге екі адвокаттың қызметінен бас тартқаны белгілі болды. 

Первое интервью Баян Есентаевой после инцидента с мужем - Sputnik Қазақстан
Видео
Баян Есентаева бұрынғы күйеуін кешіруге дайын емес. Сұхбаттан кадрлар

Өзінің әйелін өлтірмек болды деп айыпталып отырған Бақытбек Есентаевқа қатысты қылмыстық іс бүгін Талдықорғанда Ауданаралық мамандандырылған сот ғимаратында өтіп жатыр. Процесс жабық түрде өтуді. Тыңдау кезінде 50-ден астам адам арасынан алқа билер іріктелді. 

10 маусымда танымал продюсер, актриса, тележүргізуші Баян Есентаева пышақ жарақаттарымен ауруханаға түсті. Бұл қылмысты жасады деген айып оның бұрынғы күйеуі Бақыт Есентаевқа тағылды.  Сотталушы сотқа ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабының 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-бабының 1-бөлімі (зорлау) 121-бабының 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері)  бойынша жіберілді.

Қыркүйектің соңында актриса әлеуметтік желіде тегін — Мақсатқызына өзгерткенін хабарлаған. 


Жаңалықтар
0