Спорт

Подобедова спорттық мансабы туралы: мен қайта оралмаймын

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСветлана Подобедова
Светлана Подобедова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен Лондондағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғаған Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанлоның көрсеткен нәтижелері жойылып, дипломдары қайтарылды.

АСТАНА, 31 қаз — Sputnik.  Ауыр атлет Светлана Подобедова допингке қатысты дау қазақстандықтардың пайдасына шешіледі деп үміттенген еді, бірақ WADA шешімін өзгерту мүмкін емес екендігін де түсінеді. 

Майя Манеза - Sputnik Қазақстан
Спорт
ХОК үш қазақстандық зілтеміршіні лондондық алтын медальдерден айырды

Халықаралық олимпиада комитетінің шешімімен Лондондағы Олимпиадада Қазақстан намысын қорғаған Светлана Подобедова, Майя Манеза және Зульфия Чиншанлоның көрсеткен нәтижелері жойылып, дипломдары қайтарылды.

"Мен енді үлкен спортқа оралмаймын. Бұл шешімді Риоға дейін де қабылдап қойғанмын. Онда қалай өнер көрсетсем де, ойымды өзгертпес едім. Бұл менің өз шешімім", — деді Подобедова, бірақ өзін формада ұстау үшін спортпен шұғылданатынын айтты.

Штанга көтерген спортшы - Sputnik Қазақстан
Спорт
Ауыр атлеттерді дисквалификациялау: неғұрлым жылдам болса, соғұрлым жақсы

Спортшының айтуынша, қазақстандық ауыр атлеттерді допинг қолданғаны үшін айыптау оған қатты әсер еткен екен, бұлай боларын зіл темірші ешқашан күтпесе керек. 

"Әрине, қамығып қалдық Бірақ қолдан келер не шара… WADA-ның ойын өзгертіп, ақталу мүмкін емес. Мұны әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр. Олармен күрескеннен шара жоқ", — дейді спортшы.

Жаңалықтар
0