Спорт

Ауыр атлеттерді дисквалификациялау: неғұрлым жылдам болса, соғұрлым жақсы

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуШтанга көтерген спортшы
Штанга көтерген спортшы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ауыр атлетикадан Қазақстан Ұлттық құрамасын дисквалификациялау туралы IWF шешімінің кешеуілдеуінен қазақстандық ауыр атлеттерді келесі жылғы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik.  2008 және 2012 жылғы олимпиада чемпиондары – қазақстандық ауыр атлеттер тапсырған допинг сынақтың оң нәтиже беруінен туындаған дау өз мәресіне жетейін деді, бірақ ұлттық құрама болашағы әлі күнге дейін бұлыңғыр. Бұл алтын медальдерден айырылғаннан да сорақы болуы мүмкін.

Бұл дау бойынша істің мән-жайын анықтағысы келген республика ұлттық федерациясы қайталама сынақтарды зерттеу барысында қандай да бір дәйек шығады ма деп арнайы мамандар жалдаған болатын. Дүйсенбі күні 17 қазанда, соңғы әрі нақты "үкім" шығарылды: қазақстандық ауыр атлеттерді ақтап алу мүмкін емес сияқты. 

Қазақстандық атлет Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҚР ААФ: Ильиннің олимпиада медальдерін сақтап қалу іс жүзінде мүмкін емес

Осы жылдың жазында Халықаралық ауыр атлетика федерациясы спортшылары үш реттен көп допинг сынағының оң нәтижесін алған ұлттық федерациялар бір жылға дисквалификацияланады деген шешім қабылдаған болатын.  Қазақстан бұл тізімге Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Молдова, КХДР  және басқа елдермен бірге кіреді. Риодағы олимпиадада Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни бір жылдық дисквалификация командаға еш зиянын тигізбейді деп мәлімдеген еді.

Бірақ "еш зияны тимейді" деген сөзін бас бапкер дисквалификация туралы шешім осы жылдың қыркүйек-қазан айларында шығып қалар деген сеніммен айтқан болатын. Ал, қазіргі жағдайға қарасақ,  IWF бұл іске келесі жылдың басында ғана кірісетін сияқты. Ауыр атлетика федерациясы президенті қызметін атқарып жүрген Максим Агапитов та бұған сенімді.

"2016 жылдың соңына дейін ешкім де шеттетілмейді деуге болады. Бұл мәселеге қатысты Спорттық арбитраж соты мен Халықаралық олимпиада комитеті құқықтық бағасын беруі тиіс, содан кейін ғана осы ұйымдармен бірлесіп нақты бір шешім қабылданады", — дейді Агапитов sportbox.ru сайтында. 

зілтемірші Денис Уланов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қазақстандық зілтемірші Уланов Риодағы Олимпиаданың "қола" жүлдегері болды

Осылай жалғаса берсе, Малайзиядағы ӘЧ-2017 жарысында Қазақстан құрамасы, ресейліктер мен белорустар қатыса алмайды. Бұдан ешкімге келіп-кетер жақсылық жоқ. Ең бірінші, әлемдік біріншіліктің ұйымдастырушылары зиян шегеді: ауыр атлетика бойынша алпауыт мемлекеттер Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері қатыспаса, ондай қызықсыз жарыстың кімге қажеті бар? Қазақстандық ауыр атлеттерге де оңай тимесі анық, маңызды жарыстарды жіберіп алса, тәжірибелі атлеттердің жігері жасиды, ал жас спортшылар ешқандай тәжірибе жинақтай алмайды.

Дегенмен үміт үзбегеніміз жөн. Қазақстандық олимпиада чемпиондарынан алтын медальдарын тартып алса да, жасымай жеңіске ұмтылатынына сенгіміз келеді. Сол себепті дисквалификация туралы шешім тезірек қабылдансын деп үміттенейік. Сонда ұлттық құрамаға өз шама-шарқын дәлелдеуге уақыт жеткілікті болады.    


Жаңалықтар
0