Спорт

ҚР ААФ: Ильиннің олимпиада медальдерін сақтап қалу іс жүзінде мүмкін емес

© Sputnik / Валерий Мельников / Медиабанкке өтуҚазақстандық атлет Илья Ильин
Қазақстандық атлет Илья Ильин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сарапшылар тобы спортшыларымыздың зертханалық құжаттамасындағы тексеріс нәтижесінен ешқандай кемшілік таппады

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. 2008 және 2012 Олимпиада ойындарының ауыр атлетика бойынша төрт қазақстандық жүлдегердің алтын сақтап қалуға іс жүзінде мүмкіндік жоқ, деп санайды осы спорт түрінің ұлттық федерациясында. 

Осы жылғы жазда Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Илья Ильиннің 2012 жылға Лондон Олимпиадасындағы екінші рет алынған допинг сынамасы оң нәтиже берді деп хабарланған. Ол кезде қазақстандық екінші алтын медальге қол жеткізген. Кейіннен осы Олимпиаданың жеңімпаздары Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Светланы Подобедовалардың екінші рет алынған допинг сынамалары оң нәтиже берді деп хабарланған. Одан кейін Ильиннің 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиададағы екінші рет алынған допинг сынамасы оң нәтиже берді деп хабарланды. Ильин  өз наградаларын сотта қорғауға дайын екендігін мәлімдеген, ұлттық ауыр атлетика федерациясы оған және үш қазақстандыққа құқықтық көмер көрсететінін мәлім еткен. 

"Ұлыбритания, Швейцария, АҚШ, Ресей және Қазақстанның зертханалық сараптама жөніндегі мамандары мен қорғаушылар тобы бірнеше айдан бері Лондондағы және Бейжіңдегі Олимпиада ойындарының қорытындысы бойынша допинг-сынамаларында тыйым салынған заттар табылған қазақстандық спортшылар қайта тапсырған сараптамаларды мұқият зерттеді", — делінген хабарламада.

Сарапшылар жұмысының мақсаты — спортшыларымыздың зертханалық құжаттамасындағы тексеріс нәтижесіне кері әсер ететін қателіктерді жібермеу болатын. "Әйгілі мамандар қайта талдау барысында ре-анализдерден ешқандай кемшілік таппады. Демек, қазақстандық зілтеміршілердің олимпиадалық нәтижелерін сақтап қалу мүмкіндігі жоқ деуге болады", — деп санайды федерацияда.

Еске сала кетейік, сейсенбі, 18 қазан күні Халықаралық Олимпиада комитеті Тәртіптік комиссиясының отырыстары басталады. Онда қазақстандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедованың олимпиадалық нәтижелерін сақтау немесе жоққа шығару туралы шешім қабылданады. 

"Дегенмен, адвокаттар тобы спортшылардың халықаралық деңгейдегі жеңіп алған медальдары мен атақтарын қорғау бағытындағы жұмыстарын жалғастыра береді. Сонымен қатар олар спортшыларды шеттету мерзімін жеңілдетуге байланысты да нақты шаралар қолданады", — деп атап өтті ААФ. 

Айта кетейік, аталған мәселелер Халықаралық ауыр атлетика федерациясының құзырында.


Жаңалықтар
0