АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевтың мәлімдеуінше, ЕЭО елдерінің үкімет басшылары Минскіде өткен Еуразиялық экономикалық одақ отырысы барысында Кедендік кодекстің шешілмей қалған бағдарлардың жартысына жуығын қарастырып, келісімге келді деп хабарлайды Sputnik Беларусь агенттігі.
Бейсенбі күні Минскіде Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей үкімет басшыларының қатысуымен ЕЭО үкіметаралық кеңес отырысы өтті. Премьер-министрлер Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық күн тәртібіндегі бірқатар өзекті мәселелерін қарастырды.
Еуразиялық экономикалық кеңестің төрағасы, Қазақстан премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев ЕЭО кедендік кодексі бойынша жұмыс желтоқсан айына қарай аяқталады деп болжайды.