Қоғам

Қысқы демалыс: Эйр Астана Вьетнам мен Таиландқа рейстерді көбейтті

CC0 / / Таиланд
Таиланд - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қысқы демалыс кезінде қазақстандықтар Вьетнам, Таиланд, Лондон, Санкт-Петербург, Киев және Бішкекке жиі ұша алады.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik."Эйр Астана" әуе компаниясы 2017 жылы 26 наурызға дейін жүретін қысқы кестеге көшеді деп хабарлады компания баспасөз қызметі.

Архивное фото самолета авиакомпании Эйр Астана - Sputnik Қазақстан
Экономика
"Эйр Астана" бәсекелестікті қорғау комитеті үстінен Бас прокуратураға шағым түсірді

Компания биыл 30 қазаннан бастап қысқы кестеге көшеді. 16 желтоқсан мен 21 қаңтар аралығында, сонымен қатар 2017 жылы 17-25 наурыз аралығында аптасына екі рет  Алматы-Хошимин-Алматы рейстері енгізіледі. Осы кезеңде Алматы-Бангкок-Алматы қонбай ұшып өту рейстері аптасына бес рет жіберіледі. 

Астана-Бангкок-Астана маусымдық рейсі тұрақты бола бастады, 30 қазаннан бастап Таиланд астанасына аптасына төрт рет баруға болады.

Сонымен қатар, Алматыдан Бішкекке барып-қайтатын рейстер көбейтілді, жалып саны аптасына 6-7 рет. Алматыдан Киевке барып қайтатын рейстер – 5-7 рет, Астана-Лондон-Астана – 3-4 рет, Астана-Санкт-Петербург-Астана аптасына 3-5 рет.   

Жаңалықтар
0