АСТАНА, 28 қаз — Sputnik. "Барыс" хоккей клубы бейсенбі күні Нижнекамскіде өткен Құрлықтық Хоккей Лигасының қонақтағы матчында жергілікті "Нефтехимикті" 3:0 есебімен ойсырата ұтты.
Матчтың басты қаһарманы қонақтардың қақпашысы Хенрик Карлссон болды, ол ҚХЛ тұрақты жарысының кезекті маусымындағы осымен төртінші матчта қақпасына бірде-бір гол соққызбады. Бұл ойында "Барыс" қақпашысы 42 лақтыруды қайтарған.
Карлссонның алаңдағы әріптестеріне қазақстандық клубты жеңіске жеткізу үшін 21 минут қана жеткілікті болды. Бірінші периодта Евгений Рымарев пен Найджел Доус гол соқса, екінші кезеңнің бірінші минутында Мартин Сен-Пьер есепті 3:0-ге жеткізді.