АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Құрлықтық хоккей лигасында ойнайтын елордалық "Барыс" хоккей клубы бейсенбі күні командаға үшінші қақпашыны қабылдағандарын жариялады.
Қазақстандық команданың жаңа ойыншысы 26 жасар Кевин Поулин клубпен 2016-2017 жылдардағы маусымның соңына дейін жүретін бір жақты келісімшарт жасасты.
Бұдан бұрын канадалық хоккейші бес жыл бойы "NewYorkIslanders" (Ұлттық Хоккей Лигасы), "BridgeportSoundTigers" және "StocktonHeat" (Америкалық Хоккей Лигасы) клубтарының қақпасын қорғаған болатын. ҰХЛ-да 50 матч өткізген қақпашы "Барыста" 90-нөмірмен алаңға шығатын болады.