АСТАНА, 28 қаз— Sputnik. Қазақстаның бүкіл аймағында дерлік жұма күні ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын-шашын жауады деп хабарлады "Қазгидромет".
Синоптиктердің мәліметінше, орталықта жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Кей жерлерде тұма, көктайғақ болып, желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді, шығысқа қарай боран соғады.
Ақмола, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде – тұман, көктайғақ, желдің ұйытқуы 16-21 м/с. Атырау облысында түнде кей жерлерде көктайғақ болады.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде Алматы облысында кей жерлерде тұман түседі. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде – боран, тұман, түнде желдің ұйытқуы 15-20 м/с.