АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Осы айда хайуанаттар бағында екі жануар өлімі болды – Мелман атты керік пен Чита атты гепард, ал мамыр айында Құралай атты жолбарыс көз жұмған болатын. Жануарлар өлімінен кенйін көпшілік зоопаркты сынға алған еді.
Зоопарк арызында алматылық Анна Токишева мен Ольга Рябеваның әлеуметтік желілерде Алматы зоопаркының абыройына нұқсан келтіретін материалдарды жариялағаны жазылған.
"Бұл арызды да, соманы да естіп есеңгіреп қалдым. Олар келушілердің саны азайып, осындай көлемде шығын келді дейді. Егер маусым-шілде айларындағы мақалаларымнан зардап шексе, неге қазір ғана арыз беріп отыр? Бұл өзбек зоопаркымен жануарлар алмасуға қатысты шу бойынша жазған мақаламның әсері болса керек", — деп хабарлады Токишева Sputnik тілшісіне.