Қоғам

Ата-аналарға шағым айтудан қорықпауға кеңес берілді

© SputnikОқушылар сабақ үстінде
Оқушылар сабақ үстінде - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазіргі таңда Астананың білім беру басқармасына 85 арыз жазылған, бірақ ешқайсысында жазған адамның аты-жөні көрсетілмеген.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik.  Ата-аналар білім беру мекемелерінің әкімшілігіне ресми түрде шағымданбаса, Астана мектептеріндегі оқушыларды ұрып соғу мәселесі шешу қиынға соғады деп мәлімдеді Астана қаласының білім беру басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазиев.

Мектеп - Sputnik Қазақстан
Қоғам
БҒМ мектептерде алым-салық алған мұғалімдерді жұмыстан шығарады

Жақында Астана әкімшілігі, кейіннен министрлік мектептегі ұрып-соғуды түбегейлі жою керектігін мәлімдеп, құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда ата-аналар бірден хабар берсін деген болатын. 

Қазіргі таңда Астананың білім беру басқармасына 85 арыз жазылған, бірақ ешқайсысында жазған адамның аты-жөні көрсетілмеген. Қала әкімінің тапсырмасымен 15 қазаннан бастап ұрып-соғу туралы шағымдарды қарастыратын қоғамдық комиссия құрылған. 

"Сенім телефоны осы жылдың 21 маусымынан бері жұмыс істеп келеді, осы уақыт ішінде 560 шағым түскен, олардың ішінде 85-і мектептегі ұрып-соғуға мәселесіне қатысты. Барлық шағымдар қарастырылуда. Ата-аналарға айтарымыз, шағым жазғанда нақты мектепті, сыныпты және мұғалімді атап көрсетіңіздер, сонда біз нақты жұмыс жасай аламыз", — деді Сенғазиев баспасөз конференциясында. 

Халықпен өзара әрекет ету үшін Facebook әлеуметтік желісінде "Столичное образование" тобы мен Астана білім беру басқармасының жеке парақшасы жұмыс істейді. Сонымен қатар, мына телефон нөмірлері арқылы шағым беруге болады: 55 01 62 және 8 778 255 01 62 (WhatsApp).


Жаңалықтар
0