Әлем

Италияда бір түн ішінде 70-тен астам жер асты дүмпуі тіркелген

© REUTERS / Max RossiИталияда бір түн ішінде 70-тен астам жер асты дүмпуі тіркелген
Италияда бір түн ішінде 70-тен астам жер асты дүмпуі тіркелген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Магнитудасы 5,4 жер сілкінісі сәрсенбі күні сағат 19.11 (23.11 аст) орталық Италияда болды, оның эпицентрі Мачерата провинциясында 9 километр тереңдікте орналасқан.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Италияның орталық бөлігінде 70-тен астам астам жер асты дүмпуі болды, алғашқысы 5,4 магнитудасымен 19.11 (23.11 аст) сәрсенбі күні тіркелді деп хабарлайды РИА Новости.

Сейсмикалық белсенділік туралы мәлімет Италияның Ұлттық геофизика және жанартаутану институтының Twitter парақшасында жарияланған. 

сейсмограф жер сілкінісі - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Қазақстанда 4,1 магнитудалық жер сілкінісі болды

Магнитудасы 5,4 жер сілкінісі сәрсенбі күні сағат 19.11 (23.11 аст) орталық Италияда болды, оның эпицентрі Мачерата провинциясында 9 километр тереңдікте орналасқан. Жер қабаты қозғалысы Италияның төрт облысында байқалды – Умбрия, Лацио, Марке және Абруццо және көптеген қалаларда сезілді, оның ішінде Рим, Флоренция, Аквила және Перуджа қалалары бар. 

Табиғи апат салдарынан Виссо, Уссита, Кастельанджело-суль-Нера, Камерино, Акуасанта Терме және Фабриано елді-мекендерінде біраз жерлер ойран болған. Жүздеген адамдар автокөліктерінде түнеуге мәжбүр болды.

 

 

Жаңалықтар
0