АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Қазақстан аумағында 4,1 магнитудалық жер сілкінісі болды, деп хабарлады ҚР БҒМ сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы.
Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісі Алматы уақыты бойынша сейсенбі күні сағат 23:15-те тіркелген.
"Жер сілкінісі эпицентрі Алматы қаласынан батысқа қарай 593 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан", — делінген хабарламада.
Ошақтың тереңдігі 10 шақырымды құрады.