Оқиға

Жалған пәтерлер үшін 100 млн: Талдықорған тұрғыны 30 адамды алдап соққан

© SputnikДоллар мен теңге
Доллар мен теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
30 жастағы әйел адам мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алуға көмектесемін деп 30 адамды алдаған.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Талдықорған тұрғыны мемлекеттік бағдарламамен берілетін пәтерлерге қатысты бірнеше алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды деп хабарлайды аймақтың ІІД баспасөз қызметі.

Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бас прокурор үлескерлерге: жаңа алаяқтарды көбейтпеңдер

2015 жылы қаңтардан бері 30 жастағы әйел адам мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алуға көмектесемін деп 30 адамды алдаған. Көрсеткен қызметі үшін ол ақшалай сыйақы алып отырған. Зардап шеккендер ол әйелге жалпы сомасы 100 миллион теңге қаражат төлеген. 

Осы іске қатысты ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ұсталған әйелдің осы сипаттағы басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеріп жатыр.  

Ресми емес деректер бойынша, күдікті бұрын тілші ретінде қызмет етіп, журнал шығарған.

Жаңалықтар
0