АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Бейсенбі күні Астанада антитеррорлық оқу-жаттығулар өткізіледі деп хабарлайды қалалық ІІД баспасөз қызметі.
"Бүгін қала территориясында терроризм актілеріне тосқауыл жасау және оның зардаптарын жою бойынша жедел штабтың антитеррорлық оқу-жаттығулары жүргізіледі", — делінген хабарламада.
Елордалық терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штаб жоспарлы антитеррорлық оқу-жаттығуларын жүргізіп жатқандықтан, ІІД Астананың тұрғындары мен қонақтарынан бұл жайтқа түсіністікпен қарап, сабыр сақтауларын сұрайды.
Іс-шара мақсаты терроризмге қарсы күрес бойынша елордалық жедел штаб күші мен құралдарының шама-шарқын тексеру болып табылады.