Өңірлер

Қазақстанда бейсенбі күні ауа райы құбылмалы әрі жауын-шашынды болмақ

© Sputnik / Болат Шайхинов Астанада алғашқы қар жауды
Астанада алғашқы қар жауды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер Қазақстанның бірқатар облыстарында көктайғақ, тұман және боран болады деп болжайды.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik. Қазақстанның батыс, солтүстік және шығыс аймақтарында бейсенбі күні құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болады, ал қалған аймақтарда жауын-шашын болмайды деп хабарлады "Қазгидромет".

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерлерде тұман, көктайғақ болып, желдің ұйытқуы шығыста 15-20 м/с-қа жетіп боран соғады.

Қар - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Алдағы үш күнде еліміздің ауа райы қандай болады

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран, көктайғақ болады, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Атырау облысында – тұман, көктайғақ, күндіз желдің ұйытқуы 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында кей жерлерде көктайғақ болады, түнде желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Қызылорда облысында, күндіз Батыс Қазақстан облысында желдің ұйытқуы 15-20 м/с болады деп күтілуде. Алматы, Қостанай, Павлодар облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Ақмола облысында кей жерлерде көктайғақ болады. 

Жаңалықтар
0