Өңірлер

Алдағы үш күнде еліміздің ауа райы қандай болады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның бірқатар аумағында жауын-шашын түседі

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Синоптиктер Қазақстанда 27-29 қазанда жауын-шашын және ауа температурасы көтеріледі деп болжайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі. 

Синоптиктердің болжауынша, Қазақстанның ауа-райын анықтап отырған, ауқымды және суық антициклон, солтүстік-шығыс бағытында ақырындап Сібірге қарай жылжып барады. Оның орнына  Поволжьядан республиканың алдымен батыс, содан кейін солтүстік облыстарында жауын-шашын тудырып, шығысына қарай жеке циклон келе жатыр.

Осы реттегі ауа температурасы нормаға жуық болады деп күтілуде. Оңтүстік облыстарға осы циклонмен байланысты жылы фронт ықпал етеді. Онымен бірге 28 және  29 қазанда ауа  температурасы жоғарылап, кей жерге жаңбыр жауады.  


Жаңалықтар
0