Әлем

Қырғызстан үкіметі жарты жыл жұмыс істеп қызметтен кетті

© Sputnik / Алексей Дружинин / Медиабанкке өтуМемлекеттік қызметкер портфелі
Мемлекеттік қызметкер портфелі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сооронбай Жээнбеков басшылық еткен Қырғызстан үкіметі парламенттегі көпшілік коалициясындағы саяси келіспеушіліктерден кейін қызметтен кетті.

АСТАНА, 26 қаз – Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сәрсенбі күні "Қырғыз Республикасы үкіметінің қызметтен кетуі туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан агенттігі мемлекет басшысы баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қырғызстан парламенті - Sputnik Қазақстан
Қырғызстандағы министрлер кабинетінің қызметтен кетуі: президенттік партия коалициядан шықты

Премьер-министр, бірінші вице-премьер, вице-премьерлер, үкімет мүшелері қызметіндегі тұлғалар мен әкімшілік ведомство басшылары мемлекеттік құрылым басшылары мен министрлер кабинетінің жаңа мүшелері тағайындалғанша өз қызметтерін жалғастыра береді. 

Көпшілік коалициясы 2015 жылы 2 қарашада төрт депутаттық фракция арасындағы келісім негізінде құрылған болатын. Ол саяси келіспеушіліктердің кесірінен ҚСДП шығып кеткендіктен тарап кетті. 

Қызметтен кеткен үкімет басшысы Сооронбай Жээнбеков 2016 жылы сәуірде қызметке келген еді.  

© Sputnik / Табылды КадырбековСооронбай Жээнбеков
Сооронбай Жээнбеков - Sputnik Қазақстан
Сооронбай Жээнбеков
Жаңалықтар
0