АСТАНА, 26 қаз – Sputnik. Қазақстанның қаржы министрлігі жаппай декларациялауға көшу "жұмысын бүлдірді" деп мәлімдеді парламент мәжілісі төрағасы Нұрлан Нығматулин.
Мәжіліс депутаттары сәрсенбі күні жалпылама декларациялау мерзімін 2017 жылдан 2020 жылға шегіндіруді бірінші оқылымда қабылдады.
Нығматуллин еске салып өткендей, биыл жазда "Нұр Отан", "Ақ жол" және "ҚКХП" партияларының депутаттары қаржы министрлігі мен оның бөлімдерінің декларациялауға дайын емес екендігін айтқан болатын.
"Бұл үшін жауап беруі тиіс еді, бірақ ол біздің құзырымызда емес. Мәселе мынада, Қаржы министрлігі бұл жұмысты бүлдірді және жаппай декларациялау бойынша тапсырмаларды орындай алмады, сол себепті оны 2020 жылға қалдырды", — деді Нығматулин мәжіліс отырысында.
Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың айтуына қарағанда, жаппай декларацияға өтуге дайындық барысында "ақпараттық жүйелерде бұл үдерістің жүзеге асырылуына кедергі келтіретін кемшіліктер табылған". Түзетулер бойынша жаппай декларациялауға өтуді 2020 жылдан бастап бір кезең ішінде жүзеге асыру ұсынылды.