АСТАНА, 18 қаз — Sputnik, Полина Корн. Әр түрлі деңгейде ұзақ уақыт бойы талқыланған жаппай декларациялау енгізу кейінге қалдырылды. Дәлірек айтқанда, халықтың белгілі бір тобы үшін ғана кейінге қалдырылды.
Декларация туралы декларация
"Жеке тұлғалардың табысы мен мүлкін декларациялауға байланысты Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталатын жалпылама декларациялау туралы заң 2015 жылы қабылданған болатын. Бұл құжат бәрінен бұрын декларация ұсынуға тиісті тұлғалар тобын анықтайды. Заң жобасы авторларының ойынша, декларациялау жүйесіне біртіндеп ену қажет.
Бірінші кезеңде, 2017 жылы декларациялау жүйесіне халықтың бұл заңға ең дайын тобы – депутаттар, сот төрағалары, мемлекеттік қызметкерлер мен олардың жұбайларын енгізу ұсынылды.
Сынамалы жоба ретінде ұлттық компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерін осы жүйеге енгізу ұсынылған еді.
Жалпылама декларациялаудың екінші кезеңі 2020 жылға жоспарланды – ол кезде халықтың қалған бөлігі, яғни сіздер мен біз декларациялау жүйесіне тартылуға тиіспіз.
Кезеңдер арасындағы мерзім декларацияларды қабылдау және өңдеу процедураларын жетілдіруге және сараптауға, бақылау жүйесін реттеуге, сондай-ақ БАҚ арқылы кең көлемде жұмыс жүргізуге жұмсалады.
Декларациялау жүйесі екі түрлі декларацияны енгізуді қарастырады. Біріншісі – кіру декларациясы бір-ақ рет ұсынылады. Ол "активтер мен міндеттіліктер туралы декларация" деп аталады. Екіншісі "кіріс пен мүлік туралы декларация" – жыл сайын көрсетіліп отыруы тиіс.
2017 жылдан бастап, яғни бірінші кезеңде 1,8 млн ада декларация тапсырады деп күтілген. Екінші кезеңде декларациялау кезеңіне 11 миллионға жуық адам қосылуға тиіс болатын. Яғни елдің бүкіл ересек жұртшылығы дерлік. Барлық мәселе шешілген көрінген…
Бірінші кезең. Әрі соңғы
Бірақ дүйсенбі, 17 қазан күні ұлттық экономика министрі Бишімбаев мәжілісте салық салу және кеден әкімшілендіру мәселелері жөніндегі түзетулерді таныстырды. Заң жобасына енгізілген бірқатар жаңалықтар қатарында жеке тұлғалардың жаппай декларациялауын енгізу мерзімін шегеруді қарастырады.
Басқаша айтқанда, келесі жылдан бастап, судьялар, мемлекеттік қызметкерлер, ұлттық компания қызметкерлері және депутаттардың отбасыларын айтпағанда оларың өздері ештеңе декларацияламайды. Нақтырақ айтар болсақ – тиісті емес. Тапсырады ма жоқ әлде тапсырмайды ма ол олардың жеке ісі. Министрдің түсіндіруінше, мұндай шегеру "мемлекеттің бұл идеясын қоғамның қабылдауына кері әсерін тигізуі мүмкін жаппай декларацияға өту мәселелерімен байланысты". Атап айтқанда, министрдің сөзінше, "мемлекеттік органдар базасындағы мәліметтердің ескірген". Бұл сөздердің астарында ненің жатқандығы түсініксіздеу. "Бірінші кезең декларанттарының" мүлкі әлі де енесіне немесе көкесіне жазылып болмады ма, жоқ әлде – мемлекет осындай "туыстық мүлікті" анықтап нағыз иесіне жазғызбақ па, әйтеуір түсініксіз.
Бишімбаев таныстырған түзетулер декларацияда активтер мен міндеттемелер туралы көрсетілетін мүліктің төменгі шегінің ұлғаюы мен декларацияны өз уақытында тапсырмау немесе декларациядағы мәліметтерді дұрыс көрсетпеу үшін салынатын әкімшілік айыппұлдардың мөлшерін қысқарту. Яғни, әлде біреулер саяжайдағы сарайды немесе Канардағы вилланы көрсетпесе – қатты ұрыспайтын болады. Жәй ғана аздап айыппұл салады.
Ең бастысы: енді мемлекеттік қызметкерлер, судьялар мен халық қызметшілері отбасыларымен бірге, қарапайым халық секілді өз мүлкін бір кезеңде – 2020 жылдан бастап декларациялауға міндетті. Әрине, егер парламент үкіметтің заң жобасын қолдаса. Мұнымен мәселе туындамайтын көрінеді.
Ал мәселелер декларацияларды қабылдау және өңдеу процедураларын жетілдіру мен талдауда, бақылау жүйесін баптауда, сонымен қатар БАҚ арқылы кең ауқымды жұмыс жүргізуде туындауы мүмкін. Бірақ бұл сұрақтар 2020 жылы ғана туындайтын болады.