Оқиға

Қарағанды облысында үш автокөлік ұшыраған апатта бір адам қаза тапты

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуКөктайғақ
Көктайғақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Апатқа көктайғақ себеп болды, жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

АСТАНА, 25 қаз – Sputnik.  "Теміртау-Қарағанды" жолында болған көлік апатында 26 жастағы ер адам қаза тапты, қалғандарына медициналық көмек көрсетіліп, тергеу ісі жүргізілуде деп хабарлады Қарағанды облысы ІІД баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Алматыда автобус апатқа ұшырады - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыда автобус апатқа ұшырады

ІІД мәліметінше, 25 қазан күні LADA Priora көлігінің 26 жастағы жүргізушісі Теміртау қаласына қарай 15 магистраль арқылы кетіп бара жатып, "ДАФАС" автоцентрінің маңында, бастапқы деректер бойынша, көктайғақ болғандықтан рөлді басқара алмай, қарсы бетке шығып кетіп, 29 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан автобусқа соғылған. Ал, автобус Peugeot автокөлігіне соғылған. 

"Көлік апаты нәтижесінде үш автокөлікке механикалық зардап келді. Оқиға орнында LADA Priora көлігінің 26 жастағы жүргізушісі көз жұмды. Көлік апатына ұшыраған басқа тұлғаларға медициналық көмек көрсетілді", — деп хабарлады Құдияров Sputnik Қазақстан агенттігіне.

 


Жаңалықтар
0