АСТАНА, 24 қаз — Sputnik. Ямал губернаторы Дмитрий Кобылкин Пуровск ауданындағы Ми-8 тікұшағының апаты кезінде қаза тапқан және зардап шеккен вахташылардың отбасына өтемақы төлеу туралы өкімге қол қойды, деп хабарлады РИА Новостиге өңі басшысының баспасөз хатшысы Наталья Хлопунова.
"Ямал губернаторы Дмитрий Кобылкин өтемақылар туралы өкімге қойды. Тікұшақ апаты кезінде қаза тапқандардың отбасына — 1 миллион рубль, зардап шеккендердің отбасына — 500 мың рубль беріледі", — делінген хабарламада.
Бұрын хабарланғандай, 21 қазанда Ямал-Ненецк автономды округінің Пуровский ауданы, Уренгой ауылының маңында Красноярсктық "Скол" әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы апаттық жағдайда қонды. Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. ТЖ салдарынан бүкіл экипаж бен 16 жолаушы қаза тапты. Тағы үш адам аман қалды. Олар ауруханаға жатқызылды. Қаза тапқандар арасында екі Қазақстан азаматы болды.
ТЖ дерегі бойынша " Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне соқтырған әуе көлігі қозғалысы қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.