АСТАНА, 22 қаз — Sputnik. Ямалда тікұшақтың апатынан қаза болған Қазақстан азаматтарының денесін елге жеткізуді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Ямал-Ненецк автономды округінің Пуровский ауданы, Уренгой ауылының маңында Красноярсктық "Скол" әуе компаниясының МИ-8 тікұшағы апаттық жағдайда қонды. Тікұшақта ұшқыштар мен жолаушыларды қоса алғанда барлығы 22 адам болған. ТЖМ деректеріне сәйкес, үш адам ғана аман қалды.
"Расында, тікұшақ апатынан қаза тапқандар арасында екі Қазақстан азаматы бар. Олар Оңтүстік Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының тумалары. Екеуі де "Спецстрой" ЖШҰ компаниясының қызметкері болған. Вахтамен жұмыс істеген", — деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметінде.
Әңгімелесушінің хабарлауынша, қазіргі уақытта қазақстандық дипломаттар "ресейлік әріптестерімен бірлесе отырып, қаза тапқандардың денелерін Қазақстанға жеткізу мәселесімен айналысуда".