Өңірлер

Қазақстанда жексенбі күні ауа райы бұлтты болып, қар жауады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің болжамына сәйкес, бірқатар облыстарда көктайғақ болады, тұман түсіп, жел күшейеді.

АСТАНА, 23 қаз – Sputnik.  Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне орай жексенбі күні кей жерлерде қар жауады деп хабарлады "Қазгидромет".

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қыс тақап қалды: синоптиктер алдағы мезгілге болжам жасады

Синоптиктердің мәліметінше, республиканың батысы мен оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік-шығыста көктайғақ болады.

Алматы, Жамбыл облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Алматы облысында желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Оңтүтсік Қазақстан облысында таңертең және күндіз кей жерлерде желдің ұйытқуы 15-20 м/с, таулы аудандарда тұман түседі.

Ақмола, Қызылорда, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі. Күндіз Маңғыстау мен Атырауда кей жерлерде желдің ұйытқуы 15-20 м/с болады.


Жаңалықтар
0