Өңірлер

Қазақстанда жұма күні ауа райы бұлтты болады

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуҚар
Қар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның көп облыстарында қар жауып, көктайғақ болып, жел тұрады.

АСТАНА, 21 қаз— Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуінен жұма күні кей жерлерде жауын-шашын (қар) болуы мүмкін деп хабарлады "Қазгидромет".

Қыс - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Қыс тақап қалды: синоптиктер алдағы мезгілге болжам жасады

Синоптиктердің мәліметінше, оңтүстік-батыс, оңтүстік-шығыс аймақтарда ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, төменнен соққан боран болып, желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді.

Ақмола, Қостанай, Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде – тұман, көктайғақ. Маңғыстау, Павлодар облыстарында, таңертең Қарағанды облысында тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстанда кей жерлерде тұман, көктайғақ, төменнен соққан боран болып, желдің ұйытқуы 15-20 м/с жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, таңертең және күндіз желдің ұйытқуы 15-20 м/с болады.  


Жаңалықтар
0