АСТАНА, 20 қаз — Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерде жауын-шашын (қар) күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" метеоқызметі.
Синоптиктердің ақпаратына сәйкес, тек батыста және оңтүстікте ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді, Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады.
Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, Қарағанды облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.